Шымкентте мемлекеттік қызметке кандидаттардың орнына тест тапсыруды бизнеске айналдырған ҰҚТ сегіз мүшесі сотталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Сот 19 адамға қатысты қылмыстық істі қарауды аяқтады. 2 адам ҚР ҚК 262 б. 1 т. бойынша (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқару), 2 адам қатысушылар ретінде ҚР ҚК 262 б. 2 т. бойынша жауапкершілікке тартылды», — деді жұма күні әль-Фараби аудандық сот судьясы Еркін Оспанов.
ҰҚТ ұйымдастырушысы мен жетекшісінің әрқайсысы мүліктері тәркіленіп, жалпы тәртіптегі колонияға 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Топқа қатысушы 6 адам жалпы тәртіптегі колонияда 5 жылдан жазасын өтейін болды, сондай-ақ олардың мүліктері тәркіленетін болды. Осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалған тағы 11 адам жауапкершіліктен босатылды, себебі қылмыс жасалғалы бері бір жылдан асты.
Іс материалдарында айтылғандай, сотталғандар бизнес ұйымдастырған: олар мемлекеттік қызметке өткісі келген жас мамандар үшін емтихан тапсырған. Бұл ретте ҰҚТ мүшелері Қазақстандағы кез келген қалаларға барып отырған. Екі жылда осылайша 148 адам қызметке орналастырылған.
«Олар барлық кезде бір сұлбамен әрекет еткен. Тестілеуге қолдан жасалған куәлікпен кіріп жүрген. Онда қызметке үміткердің нақты мәліметтері болған, ал суреті тест тапсырушыныңкі болған», — деп түсіндірді судья.
Осы іс бойынша былтыр тестілеуден өткен 7 адам сотталған. Олардың әрқайсысын 5 жылға соттады.
Ақпарат көзі: ҚазТАГ