Оңтүстк Қазақстан облысының полицейлері жүргізген «Автобус» іс-шарасының бір тәулігінде 150 астам құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінен.
Жұма күні таратылған хабарда айтылғандай, Оңтүстік Қазақстан ОҚО Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің өкілдері 2017 жылдың 26-28 қаңтар күндері аралығында облыс аумағында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде. Мақсаты — жолда апаттық жағдайларды төмендету, Жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларын болдырмау, жолаушылар тасмалымен ұдайы айналысатын жүргізушілер арасында техникалық тәртіпті сақтау болып табылады. Сондай-ақ, Көші-қон полицейлерімен бірлесіп заңсыз мигранттар мен заңсыз тасмалдаушыларды анықтау мақсатында көлік құралдарына тексеру жүргізуді де қолға алды.
«Автобус» шарасына жалпы 800-ден астам полиция қызметкері мен басқа да мемлекеттік органдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жұмылдырылды. Оның ішінде көлік инспекциясы, мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері де бар.
Сонымен, іс-шараның бір тәулігінде тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жүргізушілермен орын алған 158 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.
Тарқатып айтар болсақ, көлік құралдарын басқару кезінде ұялы телефон немесе басқа да байланыс құралдарын пайдаланудың – 45, маневр жасау ережесін бұзудың -14, жылдамдықты арттырудың- 10, жаяу жүргіншілер құқықғын бұзудың – 3, техникалық байқау мерзімі өтіп кетудің – 14, заңсыз қайта жабдықтаудың -1, жолаушыларды және багажды тасмалдауға рұқсат беру куәлігі болмаудың- 22, жүргізушіде жолаушылар тізімі болмауының -13, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жөніндегі міндетті сақтандыруы болмауының -4, жүргізушілердің еңбек режимі мен демалыс тәртібін сақтамаудың -9 дерегі анықталды.
Полицейлер Жол жүрісі ережелерін өрескел бұзған 3 автокөлікті ақылы айыптұраққа жеткізді.
Естеріңізге салайық, жолаушылар тасмалымен ұдайы айналысатын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті сақтауды қамтамасыз ететін «Автобус» жедел –алдан алу іс-шарасы тағы екі күн өз жалғасын табатын болады.
Ақпарат көзі: ҚазТАГ