Тамара Дүйсенова- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметінен.
«Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметінен босатылсын»,-деп көрсетілген Ақорданың ресми сайтында сәрсенбі күні жарияланған хабарда.
Т.Б. Дүйсенова бұған дейін 2014 жылдан бері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігін басқарды және сол қызметке екі рет тағайындалды.
Еске салсақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігіне болып бөлінді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі: ҚазТАГ