Бүгін ОҚО мәслихатының кезекті сессиясы өтті. Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелердің бірі «ОҚО Құрметті азаматы» атағын беру туралы болатын. «ҚР Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР-ның 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкс, ОҚО мәслихатының шешіміне сәйкес 25 азаматқа «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Олар:
- Халық Абдуллаев – «Атакент» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Төлеби ауданының Құрметті азаматы;
- Қуаныш Айтаханов – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Парасат», «Құрмет»ордендерінің иегері;
- Өмірзақ Айтбаев – еңбек ардагері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері;
- Оразкүл Асанғазы – еңбек ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері;
- Аманәлі Абдраманов – еңбек ардагері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Шымкент қаласының «Құрметті азаматы»;
- Асанәлі Әшімов – ҚР Халық әртісі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, 2003 жылы — «Қазақы оқиға» фильміндегі ролі үшін І «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалінің лауреаты, Әлемдік кинодағы зор үлесі үшін ЮНЕСКО Халықаралық Академиясының «Алтын қыран» ордендерінің иегері.
- Асқар Бейсенбаев – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері;
- Татьяна Бурмистрова – ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері;
- Әбілқасым Досболов – «ҚазҚұс Батареясы» Компаниясының президенті, ОҚО мәслихатының депутаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері;
- Шәріпбек Жамалбек – «Азаматтық Альянс» ЖШС төрағасы, ОҚО мәслихатының депутаты, Бәйдібек, Мақтарал аудандарының «Құрметті азаматы»;
- Сәкен Жасұзақов – ҚР Қорғаныс министрі, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері;
- Болат Жылқышиев – «Қазатомөндіріс» Ұлттық атом компаниясы АҚ Басқармасы төрағасының кеңесшісі, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденінің иегері;
- Молдабай Ильясов – еңбек ардагері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазығұрт ауданының «Құрметті азаматы»;
- Ибраһим Иманов – ОҚО прокуроры, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері;
- Дулат Исабеков – «Мәдениет» журналының бас редакторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
- Көпен Әмірбек – Республикалық сын-сықақ «Ара» журналының бас редакторы, «Парасат» орденінің иегері;
- Ережеп Қанаев – «Окси дел» ЖШС вице-президенті, «Құрмет» орденінің иегері;
- Жеңісбек Мәуленқұлов – «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ОҚО филиалының төрағасы, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері;
- Асқар Мырзахметов – ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі, «Құрмет» орденінің иегері;
- Шалатай Мырзахметов – еңбек ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, Отырар, Созақ аудандарының Құрметті азаматы;
- Дербісәлі Сексенбаев – ОҚМФА хирургиялық пәндер кафедрасының профессоры, «Парасат» орденінің иегері;
- Досым Сүлеев – «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін салушы және алғашқы басқарушысы, «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағының иегері;
- Қунақ Кәрсенбай – еңбек ардагері, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы;
- Бейсенбек Игісінұлы – Ұлы Отан соғысының ардагері, Бәйдібек ауданының «Құрметті азаматы»;
- Азат Сатыбалдиев – еңбек ардагері.