ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің ОҚО аумақтық инспекциясына басшы болып Нұрбек Бадраков тағайындалды.
Нұрбек Бақтыбайұлы 1988 жылдың 11 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында дүниеге келген.
2009 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің су ресурстары және суды пайдалану бакалавры мамандығы бойынша дипломын алды.
2011 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітіріп ауыл шаруашылық ғылымдарының магистрі мамандығын алды.
2012 жылы Қазақстан Халықтар Достығы университетін бітіріп құқық бакалавры мамандығын алды.
01.12.2009-18.03.2010 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасының статист қызметінен бастаған.
19.03.2010-15.09.2011 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасының жетекші маманы;
15.09.2011-16.11.2012 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасының бас маманы;
16.11.2012-26.06.2013 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасы егіншілік және су шаруашылығы бөлімінің бастығы;
26.06.2013-05.11.2013 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасы егіншілік және су шаруашылығы бөлімінің басшысы;
05.11.2013-23.09.2015 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары;
23.09.2015-09.03.2016 ж.ж. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Вице-министрінің кеңесшісі;
09.03.2016-06.04.2016 ж.ж. АҚ НУХ «КазАгро» бас менеджері;
06.04.2016 – 24.01.2017 ж.ж. Қазақстан Республикасының Парламент Мәжіліс депутатының көмекшісі;
2017 жылдың 24 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекция басшысы қызметіне тағайындалды.