Астана, Алматы мен Шымкент тұрғындары өздері тұратын қалалардағы кез келген ХҚКО-ларда уақытша тіркеуден өте алады, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» КЕАҚ баспасөз қызметінен.
Дүйсенбі күні таратылған хабарда айтылғандай, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары қолайлылықтары үшін тұрғылықты жері бойынша тіркеуден жылжымайтын мүліктің орналасқан жеріне қарамастан тіркелулеріне болады. Егер бұған дейін бұл үш қаланың көші қон полициясының қызметі бойынша ХҚКО-ға өз ауданы бойынша жүгінуі керек болса, қазір уақытша тіркелуді олар өздеріне қолайлы бөлімнен жүзеге асыра алады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы төрағасы Данияр Еренчиновтің айтуынша, бұл азаматтарға уақытша тіркеу процедурасын айтарлықтай жеңілдетеді. «Астана, Алматы және Шымкент сияқты үлкен қалалардағы тұрғындарға жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына баруға тура келетін. Мысалы, пәтер Есіл ауданында орналасқан болса, онда Есіл аудандық ХҚКО-ға бару керек еді. Енді бұл қалалардың тұрғындары көші қон полициясы қызмет ететін кез келген ХҚКО-ға баруларына болады», — деп түсіндірді Еренчинов.
Естеріңізге сала кетсек, тұрғылықты жері бойынша тіркеу және құжаттандыру бойынша қызметтерді азаматтардың қолайлылықтары үшін республика бойынша 240 халыққа қызмет көрсету орталықтарында отырған, көші қон полициясы қызметкерлері көрсетеді.