Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы болып Әміртаева Гүлбану Ғаниқызы тағайындалды.
Ол 1962 жылы 1 қаңтар айында Алматы облысында туған. 1978 жылы О. Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебін бітірген. 1984 жылы «Математика» мамандығы бойынша Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітіріп, 1978-1986 жылдар аралығында Алматы облысындағы №7 кәсіптік техникалық училищесінің математика пәнінің мұғалімі болған. 1986-1990 жылдар аралығында осы училище директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады.
1990-1996 жылдар аралығында Алматы облысы, Киров атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі, 1996-2003 жылдар аралығында Алматы қаласының №23 мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болған. 2003-2007 жылдары Алматы қаласындағы №51 мектеп-гимназиясының директоры, 2007-2012 жылдары аралығында Алматы қаласы білім бөліміне қарасты Бостандық ауданы білім бөлімінің бастығы, 04.06.2012-29.09.2012 жылдар аралығында Астана қаласы білім бөлімі бастығының орынбасары, 2012-2014 жылдар аралығында Алматы қаласы білім бөліміне қарасты Алмалы ауданы білім бөлімінің басшысы, 12.05.2014 — 01.11.2016 жылдар аралығында Алматы қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2016 жылдың 26 желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті басшысы қызметіне тағайындалды.
Гүлбану Ғаниқызы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалдарымен, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин атындағы» төсбелгілерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.