Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі министрдің 2016 жылғы 22 желтоқсан № 683 бұйрығына сай сатып алудың айқындығың үлғайту мақсатында Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі қаржы минстрлігінің хабарына сілтеме жасай отырып.
«Осы өзгерістерге байланысты 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алу келісім шартының орындалуы жөніндегі құжаттары – көрсетілген қызметтердің, орындалған жұмыстардың, тауарларды қабылдау актілері мен шот-фактуралары тек қана электрондық форматта толтырылатын болады», — делінген қаржы минінің сайтында орналастырылған ақпарда.
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департамент директоры Сәбит Ахметовтың айтуынша, мемлекеттік сатып алу саласы үлкен ақшалай қаражатпен байланысты және бүкіл дүние жүзінде сыбайлас жемқорлыққа коп ұшырайтын сала екенің ескере отырып, ҚР қаржы министрлігінде бұл енгізілетін жаңалықтар жеткізушілер мен тапсырыс берушілердің жұмысын айтарлықтай женілдетеді, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді орындағаны ұшін төлем уақытын қысқартады деп есептейді.
Осылайша, 2017 жылдың 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу барлық кезендері жоспарлаудан бастап, ақы төлеумен аяқтай отырып электрондық форматта www.goszakup.gov.kz. – веб-порталы арқылы жүргізіледі, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу Қағидаларымен танысуға болады.