Кеше, 27 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының және «Бухгалтерлер үйі» өкілдерінің қатысуымен Салық және Кеден кодекстеріне 2017 жылдың 1–ші қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларына арналған семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңесті ОҚО МКД басшысы А.Үмбетәлиев ашып, барлық қатысушыларды Еліміздің Тәуелсіздігінің 25-жылдығымен құттықтап, күн тәртібімен таныстырды.
Таныстырылған күн тәртібіне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары өз салалары бойынша, Салық пен Кеден кодекстеріне және кейбір заңнамалық актілеріне 2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша баяндау жасап, көрнекті слайдтар кесіндесінде семинар-кеңеске қатысушылар назарына жеткізілді.
Семинар-кеңес барысында мына негізгі өзгерістер аталды, атап айтқанда:
* қосылған құн салығын төлеуші ретінде міндетті түрде тіркеу үшін 30000 АЕК мөлшерінде шегін қалдыру, ал, 2018 ж. бастап шегін кезең-кезеңмен төмендету,
* ҚҚС төлеушілермен міндетті түрде ЭШФ жазып беру шартын 2017 ж. 2019 жылға ауыстыру,
* алкоголь, темекі өнімдеріне, сыра және сыра сусынына акциздердің мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен көтеру,
* санаториялық-курорттық ұйымның немесе балалар сауықтыру лагері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыларға өндірілген жер асты сулары бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы ставкасының төмендетілуі,
* жалпыға бірдей декларациялау мерзімін 2020 жылдан бастап бір кезеңде көшіру,
* жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарының төлеу мерзімінің ұзартылуы,
* салық төлеушінің электрондық пошта мекен-жайына немесе ұялы телефон нөмірлеріне СМС-хабарламаны жіберу арқылы жеке тұлғаларға есептелген мүлік, жер және көлік құралдары салығы туралы ақпараттандыру тәртібі,
* дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою хабарлама жасау тәртібіне ауыстырылуы және басқа да өзгерістер туралы айтылды.
Одан басқа, семинар-кеңесте, жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде меншік құқығындағы мүлкінің, шетелдік банктердегі банктік шоттарында ақшасының болуы туралы жеке табыс салығы декларациясында көрсетілуге жататын мәліметтерді көрсетпеу жолымен жасырған жағдайда жауапкершілік қарастырылғаны туралы және басқа да Қазақстан Республикасының «Құқықбұзушылық кодексіне» енгізілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар да айтылды.
Семинар-кеңес соңында, хатшылыққа түскен барлық сұрақтарға толық жауап берілді.
ОҚО Мемлекеттік кірістер департаменті