Ордабасы ауданында 23 желтоқсан күні Шұбарсу елді мекенінде аудан əкімінің шыршасы өтті. Мерекені ашып берген аудан əкімі Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков оқушыларды келе жақтан жаңа жылмен құттықтап, өз сыйлықтарын тарту етті. Аудандық білім бөлімі, білім беру қоры есебінен бөлінген қаржыға 100 оқушыға қыстық киімдер сыйланды. Оқушылар Аяз ата, Қарша қыз, Алдар көсе, Жалмауыз кемпір жəне бірнеше ертегі кейіпкерлерімен бірге билеп ән салды. Сонымен қатар арнайы жайылған дастарханнан дәм татып, тәттілерге тойды. Ата-аналар ризашылықтарын білдіріп, балаларының қуанышына ортақтасты.