Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарабев қазақстандықтарды тәуелсіздіктің 25 жылдығмен құттықтады, деп хабарлады агенттіік тілшісі.
«Бүгін мен біздің бүкіл халқымызды отанымыздың мерейлі тойымен құттықтаймын. Бұл бүкіл қазақстандықтардың ортақ салтанаты! Тәуелсіздіктің 25 жылдығы біздің буынның теңдессіз ерлігінің көрінісі», — деді Н. Назарбаев бейсенбі күні Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында.
Елбасының айтуынша, мерейлі жылы Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болып тағайындалуы нышанды оқиға.
«Тәуелсіздіктің 25 жылдығын біз жаңа жаһандық рөлмен қарсы алып отырмыз. Мен сіздердің барлықтарыңызды осы жауапты миссиямен құттықтаймын», — деп тұжырымдады Президент.