Елбасы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға жария түрде қол қойды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев рақымшылық жасау мемлекеттің ізгі ниетінің көрінісі болып саналатынын айтты.
«Отандастарымызға қатысты жасалған осынау кешірім мен мейірім және үміт актісі қоғамды сауықтыруға мүмкіндік береді. Рақымшылық жасау шарасы әлеуметтік тұрғыдан осал адамдарды, атап айтқанда, кәмелетке толмағандарды, жүкті және балалары бар әйелдерді, мүгедектер мен қарттарды қамтиды», — деді Қазақстан Президенті.
Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz