Елдің өркендеуіне үлес қосқан көптеген қазақстандықтар Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында мемлекеттік марапаттарға ие болды.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаңында елдің дамуына үлес қосқан қазақстандықтарға мемлекеттік марапат беру туралы Жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Sputniknews.kz сайты Президенттің ресми сайтына сілтеме жасай отырып. «Еліміздің Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдары қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар», — делінген хабарламада.
Марапатталғандардың қатарында ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен –»САУТС ОЙЛ» ЖШС президенті, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Серікжан Сейітжанов та бар. Бүгінде компания тек қана Оңтүстік Қазақстан облысын ғана емес, Қазақстандағы өндірістік саладағы көшбасшыларының бірі. «САУТС-ОЙЛ» ЖШС мұнай компаниясы Қазақстан Республикасының мұнайгаз құрылымы нарығында жетістікке қол жеткізген және ілгері дамушы өндірістердің бірі болып саналады. Негізгі іскерлік саласы Қызылорда аймағында көмірсутекті шикізат өнімін барлау мен өндіру болып табылады.
«САУТС-ОЙЛ» ЖШС-нің президенті – Серікжан Сейітжанұлы Сейітжанов Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген іскер азаматы, техникалық ғылымдарының Докторы, (АҚШ-тағы) Халықаралық ғылым, білім, өнеркәсіп және өнер академиясының мүшесі, 2003 жылдан бастап, осы уақытқа дейін компания Президенті болып саналады.
Республикадағы мұнайгаз өнеркәсібі мен әлеуметтік инфрақұрылымдағы жігерлі еңбегі, мардымды жеке үлестері үшін Серікжан Сейітжанұлы бұған дейін «Құрмет белгісі» орденімен, «Алтын Жүрек» сыйлығымен және «Білім саласы Меценаты — 2008», ал Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10-жылдығына Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Құрмет хатымен марапатталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев С.Сейітжановтың бизнесті әлеуметтік саясат құралы ретінде пайдаланған еңбектерін бағалай келе, алтын мүсінді «Парыз» марапатын «Жылдың ең үздік әлеуметтік жобасы» марапаттарын өз қолымен тапсырған болатын.
Геологиялық барлау жұмыстары тәжірибесінде ғылыми-техникалық ілгерілеу жетістіктерін пайладануда көпжылдық шығармашылық еңбегі үшін С. Сейітжанов 2008 жылы Қазақстанның энергетика және минералды ресурстары Министрлігінің «Үздік кен барлаушысы» марапатына ие болған.
Бүгінде іскер басшылықтың арқасында компания ұжымы еңбегімен тұтастай марапаттарға ие болған. Атап айтса, «САУТС-ОЙЛ» ЖШС беделді халықаралық «Құрмет белгісі» жүлдесімен «Ұлттық экономика Көшбасшысы» номинациясында лауреат атанып, ТМД жалпыэкономикалық потенциал өрлеуінде табысты үлес қосып, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасында өзара конструктивті реттеу саласында «Ынтымақтастық Жұлдызы» орденімен марапатталған.