Бүгін Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, түрлі салаларда жетістікке жеткен жастарға қала әкімінің «Үздік» жастар сыйлығы табысталды. Олардың қатарында дәрігер, ұстаз, спорт шебері мен өнерпаздар, БАҚ өкілдері, ауыл шаруашылығы саласының мамандары бар. Салтанаты шарада түрлі номинациялар бойынша 14-29 жас аралығындағы 25 жас өз саласының үздігі деп танылды. Әрі, қала әкімінің атынан диплом, бағалы сыйлықтарға ие болды.Қоғамның сан-саласында белсенді әрекет жасап, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген жастардың қатарында «Айғақ» телеарнасының жас журналисі Ұлдархан Уәлиханқызы да бар. Көзі қарақты көрерменге айшықты ақпарлары мен тың танымдық хабарлары арқылы танылып жүрген телеарна тілшісі «Үздік» жастар премиясының «Үздік жастар айдары» номинациясымен марапатталды. Талантты жасты бүгінгі марапатымен құттықтап, алдағы жұмысына шығармашылық табыстар тілейміз!