26 қараша «Азаматтық қоғам» күні идеясымен белгіленген. Бұл күні Шымкент қаласының әкімдігіне үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің және жастар ұйымдарының өкілдері шақырылды. Онда қала әкімінің орынбасары Нұртай Қайрат Ырзақұлұлының төрағалығымен «Азаматтық қоғам – құқықтық мемлекет» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Қоғамдық ұйым белсенділері «дөңгелек үстел» барысында елдегі демократия процестерінде азаматтық қоғамның белсенділігін дамытудың маңыздылығы және қоғамдық институттарды нығайту мен қолдау шаралары туралы талқыланды.
Іс-шара барысында тәуелсіздік жылдары азаматтық қоғамды дамытуға елеулі үлес қосқан 25 белсенді үкіметтік ұйым төрағалары қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Марапатты табыстаған қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, Шымкент қаласында 400-ге жуық үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс атқаратындығын, қоғамдық ұйымдар билік өкілдеріне қаладағы әлеуметтік мәселелерді шешуде белседі үлес қосып келетіндігін атап өтті. Диалог барысында үкіметтік емес ұйым өкілдері тарапынан қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырудағы ұсыныс пікірлері тыңдалды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі