Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатына жаңа хатшы сайланды. Осылайша бір жарым айдан астам уақыттан бері бос тұрған креслоның жаңа иесі белгілі болды. Елдің аузындағы, ақпарат құралдарында айтылып айтылып келген болжам расқа шықты. Мәслихат хатшылығына ұсынылған Қайрат Балабиевтің кандидатурасына әріптестері бірауыздан қолдап дауыс берді.
Қайрат Балабиев еңбек жолын прокуратура саласынан бастаған. Ұзақ жылдар осы салада жемісті еңбек еткен. Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған. Соңғы кездері кәсіпкерлікпен айналысқан.
Мәслихат хатшылығына сайланғаннан кейін сөз алған Қайрат Балабиев өзіне сенім білдірген әріптестеріне алғысын айтты. Төле би бабамыздың даналық сөздерін жүгініп. «Бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай» болып, облыс әкімімен, облыс әкімдігімен жұмыс істеуге уәде берді.
Ақпарат көзі: Oinet.kz