Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов БҰҰ Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі, БҰҰ «Даму» бағдарламасының тұрақты өкілі Норимаса Шимомура бастаған делегаттармен кездесті. Кездесу барысында Шымкентте «Қалаларды тұрақты дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру жайы айтылды.
Айта кетерлігі, ҚР Үкіметі мен БҰҰ-ның Бірлескен бағдарламаларын іске асыруда Шымкент Қазақстандағы іріктеліп алынған 15 пилоттық қалалардың бірі болып табылады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі