Міне бірнеше жылдан бері Android ең танымал мобильдік операциялық жүйенің мәртебесін растап келеді. Ол смартфондарда басым түсіп отыр, Gartner статистикасы бойынша сатылған смартфондардың 78,4% осы Androidпен жұмыс істейді.
Қазақстандағы жағдай әлемдегі жағдаймен бірдей, қазақстандықтар Android жүйесіндегі мобильдік құрылғыларға басымдылық береді. Көпшілік бөлігі смартфондарды пайдаланады және мобильдік байланысты, интернетті, қосымшаларды, қарым-қатынас жасауды, ойын-сауықты бір құрылғыға сеніп тапсырады. Алайда Android танымалдылығымен қатар қауіпсіз мәселелері де бірге жүреді.
Android вирусты жазушыларға және басқа кибер қылмыскерлерге аса қызықты. ESET вирус зертханасының мәліметтері бойынша 99% мобильдік қауіптер Android-қа бағытталған. Ай сайын ESET аналитиктері орташа алғанда мұндай зиянды екі жүз үлгілерді табады.
Мобильдік қауіптер бұрын ДК үшін қауіптер қалай дамыса, солай дамып отыр. Мобильдік пайдаланушылардың көпшілік бөлігін алдымен тек спам ғана мазалайтын, енді зиянды бағдарламалық жасақтама да көп кездесе бастады, содан кейін ол «ақшаға айнала» бастады және төлем және банктік деректерді ұрлауға бағдарланды, артынан мобильдік шифраторлар-бопсалаушылар пайда болды. Бір кездері зерттеушілер Android осал тұстары туралы жаңалықтарды бірінен кейін бірін шығара бастады, себебі қауіптердің саны елеулі өскен еді. Төменде біз ең кең таралған және әдеттегі қауіптерге нақты мысалдарды талдаймыз.
Жалған қосымшалар
Мобильдік құрылғыға вирус кіргізудің ең қарапайым тәсілі – пайдаланушының өзін жалған қосымшаны орнатуға мәжбүрлеу. АлайдаәдепкібойыншадевайстаGooglePlayбасқа дүкендерден қосымшаларды орнатуға тыйым салынған. Пайдаланушылар бұл теңшеуді болдырмайды және қосымшаларды форумдардан, бағдарламалық жасақтамалар каталогынан және ресми емес қосымшалар дүкендерінен жүктеп алады. Шын мәнінде, GooglePlay-де күдікті БЖ та жиі пайда болып тұрады. Мысалы – жалған Prisma, ол пайдаланушыларыдң суреттеріне ешқандай көркем әсерлерді бермеген, керісінше смартфондарда және планшеттерде мазаны алатын жарнаманы көрсеткен. Оны 1 500 000 адамнан астам жүктеп алған. Жалған-«Призмамен» ғажаптылығы жағынан тек жалған PokemonGo ғана теңесе алады.
Не істеу керек?
Android теңшеулерінде бөгде дүкендерден қосымшаларды орнатуға тыйым салу. Орнатпас бұрын әрдайым GooglePlay-де қосымшалар туралы пікірлерді оқу, төмен бағамен әзірлеушілердің қосымшаларын орнатау. GooglePlay-де қауіпсіз жүктеп алуға «Үздік әзірлеуші» белгішесі көмектеседі.
Банктік трояндар
Бәрі көп ақша тапқылары келеді, оның ішінде вирусты жазушылар да. Мобильдік банк және басқа мобильдік төлем түрлерінің пайда болуымен олардың әрекет саласы кеңейді. Банктік трояндар интернет-банкингтен логиндер мен жасырын сөздерді, карталардың нөмірлерін ұрлайды, транзакцияны растау кодтарын ұстап қалады, яғни құрбандардың есепшоттарынан ақшаларды шоттан шығарып алу үшін ақпаратты жинайды. Тәжірибелі «үлгілер» екі кезеңді аутентификацияны айналып өте алады. Жаңа мысал -Spy.Agent.SI, ондаған банктердің мобильдік қосымшаларын имитациялаған.
Не істеу керек?
Өзіңіздің қандай қосымшаларды және БЖ жүктеп алғаныңызды қадағалау, күдікті қосымшаларды орнатпау, күдікті сілтемелер бойынша кірмеу, мобильдік антивирусты пайдалану.
Бопсалаушылар
Сіз немесе сіздің таныстарыңыз компьютердің экранын бұғаттайтын және оны бұғаттан шығару үшін құнын төлеу талабын шығаратын вирустармен кездескен де шығарсыздар? Мұндай ұқсас трояндар мобильдік құрылғыларда да бар. Олардың «аталары» 2012 жылдардан бастап пайда болған, ал 2014-2015 жылдары толыққанды шифраторларға реинкарнацияланды. Әсіресе ілгері торян LockerPIN смартфонның немесе планшеттің PIN-кодын өзгертеді.
Не істеу керек?
Қосымшаларды тек GooglePlay-ден жүктеу, мобильдік антивирусты тұрақты жаңартып отыру.
Спам
ESET Қазақстаннан мобильді пайдаланушылардың кем дегенде үштен бір бөлігі SMS-спамды алғандарын көрсетеді. Мәселе адамдардың мазасын алумен ғана шектелмейді, себебі спаммен бірге кибер қылмыскерлер зиянды сілтемелерді, алаяқтық сайттарға сілтемелерді, керек емес сервистерге жазылу түймешіктерін және т.б. таратады.
Не істеукерек?
Антивирустың, мамандандырылған қосымшалардың немесе интернет-сервистердің көмегімен спамшылардың нөмірін бұғаттау.
Жоғалту және ұрлау
«Кибер» сөзінсіз қарапайым қылмыскерлер туралы да ұмытпау керек. Смартфон немесе планшет олар үшін қалаулы олжа, себебі ұрланған девайстарды тиімді өткізуге немесе құрылғының жадындағы иеленушісі үшін құнды ақпаратты пайдакүнемділік мақсаттарына пайдалануға болады. Демек девайстың ұрлануы немесе жоғалуы пайдаланушыға қымбатқа түсуі мүмкін.
Не істеукерек?
Ұрлыққа қарсы жүйені орнату және теңшеу керек.
***
Вирус жазушылардың «жұмысында» позитивті салдарлар да бар – пайдаланушылардың мобильдік қауіпсіздікке деген көзқарастарын өзгерту. Пайдаланушылар өз тәжірибелерінде девайстарға да жеке мәліметтер үшін қорғаныстың, зиянды сайттарды, бағдарламалармен спамшылардан немесе ұрлықшылардан сілтемелерді бұғаттау керектігіне көзжеткізді. Android арналған ESETNOD32 MobileSecurity секілді кешенді өнім барлығының қамын ойлауға көмектеседі. Дүние жүзінде 100 миллионнан астам пайдаланушылар Android операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін өздерінің мобильдік құрылғыларын қорғау үшін ESET антивирусын таңдады.
Android операциялық жүйесіндегі смартфондарды пайдаланатын Kcell және activ абоненттерін де өз смартфондарын Android арналған ESETNOD32 MobileSecurity антивирустық бағдарламасының көмегімен қорғай алады.
Kcell және activ абоненттері үшін бұл шешімнің көмегімен құрылғыны қорғау тәулігіне 9 теңге тұрады.
Қызметке жазылымды басқару *456*2#OK USSD-мәзірі арқылы қолжетімді.