Шымкенттегі «Риксос Хадиша Шымкент» қонақ үйінде Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жергілікті бақылау және коммуналар бюджеті» тақырыбында семинар өтті.
Аталған жиынға Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельм, қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, қала әкімі аппаратының басшысы Рашид Аюпов және облыстық басқармалар мен қала әкімдігінің құрылымдық бөлімінің өкілдері қатысты. Аталған семинарда Бундестагтың депутаты Йохан-Конрад Фромме «Жергілікті бюджет» және «Коммуналдық бақылау» тақырыбында баяндама оқыды.
Айта кетерлігі, Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы өкілдігі құқықтық мемлекетті, жергілікті басқаруды, парламентаризм мен парламенттік журналистиканы дамыту және қолдау, сондай-ақ Германия мен Қазақстан арасындағы сыртқы саяси серіктестік мәселелеріне баса назар аударады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі