Бүгін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары генерал Б.Бисенқұлов ОҚО ҚАЖД-нің жаңа бастығын тағайындады.
2016 жылғы 7 қараша ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында министрдің орынбасары өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамына ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың бұйрығымен тағайындалған жаңа басшы – әділет полковнигі Атэльбек Досмағамбетовті таныстырды.
Атэльбек Сейітбекұлы Досмағамбетов 1965 жылы РФ Курган облысында туылған. Руденко атындағы Свердлов заң инситутын тәмамдаған. Құқық қорғау орагандарында 1990 жылдан бері қызмет атқарып келеді.
ОҚО бойынша ҚАЖ департаментінде біраз жылдар басқарушы қызметерде болған. Соңғы атқарған лауазымы – Оңтүстік Қазақстан облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орынбасары.