Бүгін Шымкентте Қапал батыр көшесіндегі темір жол үстінен өтетін өткелдің қайта құру жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Осыған орай, аталған көпірдің салтанатты лента қию рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облсының әкімі Жансейіт Түймебаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.
Айта кетерлігі, бұл көпірдің құру жұмыстары 2014 жылы қыркүйек айында басталып 2016 жылдың қазан айында аяқталды. Құрылыс жұмыстарының жалпы қаржысы 1 142 млн. теңгені құрайды.
Жоба аясында көпір үстіндегі жол бөлігінің енін кеңейту (21 м), жарықтандыру жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде, Төле би, Қапал батыр, Ақназар хан, Анаров көшелерінде көлік тығындары азайды. Сонымен қатар, нысанның құрылыс жұмыстарына 100-ден астам адам тұрақты түрде жұмыспен қамтылды.
Бұл нысанға «Корпорация Береке А» ЖШС мердігерлік етсе, техникалық қадағалаушы болып «ЕрГарантСтрой» ЖШС, ал, жобалаушы мекеме ретінде «Алматы Жоба» ЖШС мекемесі құрылыс жұмыстарын жүргізді.
Ескі көпір 1960 жылы салынып, көпір үсті жол бөлігінің ені 9 метірді құраған. 2002 жылы көпірдің апаттық жағдайда болуына байланысты, конструкцияларын күшейту бойынша жұмыстар атқарылды.
Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі