Ордабасы ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасын табуда. Бүгін Қарақұм ауыл округінде салтанатты жиын өтіп, ауыл округінің құрылу тарихы, өткені мен бүгіні дәріптелді.
Ауыл округі әкімі Мұрат Махалұлы ізгі іс-шараны еңбек ардагерлерін марапаттаудан бастады. Қарақұмның құрылу тарихы арнайы көрме арқылы жұрт назарына ұсынылды. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Құрманәлі Жылқыбай ауылдықтарға аудан әкімі Алмасбек Кеңесбекұлының құттықтауын жеткізіп, Тәуелсіздік шежіресіне тоқталды.
Той әсем әнмен әрленіп, өнерпаздар биден шашу шашты. «Қарақұм» жалпы орта мектебінің оқушылары «Қарақұм» ауылының дамуына еңбек сіңірген азаматтарға жыр арнап, көрермендерге әдеби монтаж ұсынды.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі