«Кселл» компаниясы енді mobiTV, mobimusic деп аталатын өзінің ойын-сауық сервистеріне рестайлинг жүргізді. Бұл желіні қосу сәтінен бастап 134 мыңнан астам Kcell және activ абоненттері оларға жазылды.
Жазылулар бойынша көшбасшы – mobi music сервисі, оған компанияның 90 мың абоненттері қосылды. Өздерінің сүйікті ТВ бағдарламаларын мобильдік құрылғылардан mobiTV арқылы компанияның 16,5 мың абоненттері қарайды. Ал өз смартфондарына кітаптарды жүктеп алуға немесе онлайн оқуға activ ұсынған Bookmate сервисіне 27,5 мың жазылушылар басымдылық береді.
mobiTV, mobimusic және activ ұсынған Bookmate сервистері 8 ай жұмыс істеген уақыты ішінде оларға жазылушылармен кері байланыспен белсенді жұмыстың арқасында елеулі жетілдірілді.
mobi music сервисіне тректерді кэширлеу қосылды, ол тректерді жылдам жүктеп алуға мүмкіндік береді, ал оның редакторы ретінде танымал қазақстандық диджей Рустам Оспанов жұмыс істей бастады. Құқықты иеленушілермен бірқатар келісімдер жасалды. Нәтижесінде қазақстандық орындаушыларды да, мысалы, Ғалымжан Молданазар, «NinetyOne», ресейлік BlackStar лейблінің артистерін де тыңдау мүмкін болды. mobimusic сервисін дамыту бойынша болашақтағы жоспарда – ұсыныстар механизмін іске қосу тұр, ол музыканы дербестендіруге және пайдаланушының ұнатуына байланысты релевантты контентті ұсынуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, «Активті Start», «Активті Light», «Активті Drive», «Активті Boom» және «Активті Pro» тарифтік жоспарларына қосылған activ абоненттеріне тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлемді табысты шегеру кезінде mobimusic сервисінде 2 миллиондай композицияларды тыңдау және жүктеп алу үшін лимитсіз рұқсат берілген*. Бұл ретте, mobi music сервисінде музыканы тыңдау және жүктеп алу үшін қажетті трафик тарифтелмейді.
mobiTV сервисі қосымшаның жаңартылған дизайны мен үзілісті сақтаудың аяқталған функционалын алды. Жұмыс жылдамдығы мен өнімділігі жақсартылды, осының арқасында қосымша фондық режімде батарея зарядын шығындамайды. Қосымшаға толық экранды режімде Chromecast арқылы хабарды өшіруге арналған қосымша түймешік қосылды, сондай-ақ iOS 10-мен үйлесімділік жақсартылды. Сонымен қатар, енді mobiTV сервисі SmartTVSamsung теледидарында қолжетімді. Сондай-ақ абонент «Старттық» пакетке байланыстырылмай қосымша ТВ пакетін қарай және ақы төлей алады. Қосымша mobiTV сервисінде «Старттық» пакетінің құны төмендетілді, енді ол күніне небәрі 7 теңгені құрайды. Бұл ретте осы бағада футбол бойынша Ағылшын Премьер Лигасының жарысын тарататын «Setanta Казахстан»* арнасы қолжетімді болды.
Тағы да бір абоненттер үшін қолайлы қосымша – бұл mobiTV сервисін «Мәртебе» желісінің тарифтік жоспарларына қосу болды, оларда интернет трафик 5 Гб дейін тарифтелмейді және абоненттік төлемді табысты шегеру кезінде ұсынылады. «Мәртебе 2», «Мәртебе 3» және «Мәртебе 5»* тарифтік жоспарларына 34 арнамен «Старттық» пакеті қосылған. Ал «Мәртебе 7» және «Мәртебе 9» тарифтік жоспарларына 64 арнамен «Оптимальный» пакеті қосылған*. Бұл ретте mobiTV барлық жазылушыларының арасында ең танымал телеарналар қазан айында «31 арна», «Setanta Қазақстан»,«Жетінші арна» және «Еуразия Бірінші арнасы» болды. Ал қазан айында mobiTV қараудың жиынтықты уақыты шамамен 20 мың сағатты құрады.
activ ұсынған Bookmate сервисі де Kcell абоненттері үшін «Мәртебе»* желісінің және activ абоненттері үшін «Активті Pro» тарифтік жоспарларының бір бөлшегіне айналды. Сонымен қатар, оларда TEDxAlamty «Аспан мен жердің арасында» сөрелері, сондай-ақ «TheSteppe» және «Buro 24» секілді танымал қазақстандық жобалар пайда болды.
«Нарыққа «Мәртебе» және «Активті» тарифтік жоспарларының жаңа желілерін шығарғаннан кейін және 4G желісін коммерциялық іске қосудың арқасында біз өзіміздің ойын-сауық желімізге жазылулардың елеулі өскенін көріп отырмыз. Осы айлардың ішінде әзірлеушілердің командасы оны пайдаланушылармен тұрақты кері байланыс режімінде болды. Осының арқасында біздің ойын-сауық сервистеріміз абоненттеріміз үшін шын мәнінде қолайлы болуы үшін үлкен эволюциядан өтті. Сонымен қатар, біз шын мәнінде сапалы контенттің «пираттық» музыканы, фильмдерді, кітаптарды пайдалану дағдысын өзгертетіндігін көріп отырмыз. Біз пайдаланушылардымыздың мүмкіндіктерін тағы да кеңейте түсу үшін, өз сервистерімізді жетілдіруді жалғастырып отырмыз», — деп атап өтті Арти Отс, «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры.
mobiTV, mobi music және activ ұсынған Bookmate қосылу үшін қосымшаларды AppStore және PlayMarket-тен жүктеп алуға болады.
*Акциялардың қолданылу мерзімдерімен және шарттарымен www.kcell.kz және www.activ.kz сайттарында танысуға болады.