Шымкентте құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
Кездесу барысында қоғамдық, көңіл көтеру орындарында, көшелерде ауыр жəне аса ауыр қылмыс түрлерін жасау фактілерін азайту шараларын өткізу, сонымен қатар қала жолдарында көлік қозғалысын ретке келтіру, жолда жүру ережелерін бұзышуларға əкімшілік айыппұл салу жəне өндіру туралы талқыланды.
Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірханның айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айында қала аумағында түрлі қылмыстардың алдын алу мақсатында және қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша 64 рейдтік іс-шара ұйымдастырылған. Осының нәтижесінде әр үш ай сайын құқық бұзушылық көрсеткіші төмендеген. Атап айтар болсақ, өте ауыр қылмыстардың үлесі 9,8 пайызға төмендеген.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі