Зияткерлік қоғамдастықтар форумының (АҚШ) рейтингісіне сәйкес, Астана 2016 жылы әлемнің 21 үздік зияткерлік қаласының қатарына қосылған, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Жуырда 10 жылдан астам уақыттан бері әлемдегі қалалар дамуының бағасына талдау жасаумен айналысатын «Үздік 21 зияткерлік қала» ICF беделді рейтингісіне Астана қаласы кіргендігі анықталды.
ICF деректеріне сәйкес, биыл «әлемнің зияткерлік қалаларының» тізімін желілік технологиялар саласындағы ірі компания Сisco-ның бұрынғы басшысы Норман Джэкнистің жетекшілік етуімен, талдаушылар тобы құрастырған.
ICF тең құрылтайшысы Джон Юнг тізімге сандық теңсіздік заманында қоғам мен жергілікті экономика құрылысына сандық құралдарды қолданып жүрген қалалар, өңірлер мен қауымдастықтар кіргендігін мәлімдеді.
Тізімге Канаданың, Тайваньның, Австралияның, Жаңа Зеландияның, Ресейдің, Ұлыбританияның және АҚШ қалалары кірген. Енді бұл қалалар үздік 7 «ақылды» қала тізіміне кіру үшін қарсыласады. Оның нәтижесін 2017 жылдың ақпан айында Тайпей қаласында жариялау жоспарланған.