Мемқызметкерлер конкурсы нәтижесі алдын ала белгілі бола тұра өткізіледі, ал кадрларды алмастыру кезінде өңірлердегі мамандар баспанасыз қалады, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшілері ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровтың сөзіне сілтеме жасап.
«Тәжірибе жүзінде конкурс жеңімпазы ол басталғанға дейін анықталып жататыны сирек емес. Іріктеудің ашық және объктивті өтуін қамтамасыз етулері тиіс бақылаушылар институы өздеріне жүктелген миссияны орындай алмай жатыр. Айта кетейін, бақылаушылар – олар (қызметке «өздерінің адамын» ұсынып отырған басшыларға – ҚазТАГ) жылы қабақ танытатындар», — деді Қ. Қожамжаров жұмадағы агенттіктің кеңейтілген отырысында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, мемлекеттік органдарда кадрларды алмастыру механизмін енгізуде де проблема бар.
«Біріншіден, тар шеңберлі мамандықтағы қызметкерлерді алмастыруда қиындықтар туып жатады. Мысалы, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының қаржы және денсаулық сақтау басқармасында дәл сондай қызметті алмастыруы мүмкін емес. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін өңір-өңір қағидасы бойынша тәсілдерді қолдану мәселесін шешу керек. Екіншіден, өңірлерде алмастырылатындар үшін баспана қарастырылмаған», — деді агенттік басшысы.
Сонымен қатар, ол жұмыс нәтижесін бағалау бөлігінде мемқызметкерлер еңбегіне әділ төлем жасау қағидасын енгізуде де проблеманың аз емес екенін атап өтті. Сонымен оның ақпараты бойынша, алдын-ала баға қорытындысы көрсеткендей, мемқызметкерлердің 11% -ы үздік жұмыс жасаса, 63%-ы тиімді, ал 26%-ның жұмысы қанағаттанарлық деп бағалануда.