Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Шымкент қаласы әкімдігі жанынан жалпықалалық «Таза қала» акциясы ұйымдастырылуда.
Қала тазалығын сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шара барысында әкімдік пен жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысуымен арнайы рейдтер жүргізіліп, сенбілік тазалық жұмыстары жүзеге асырылатын болады. Аталған акция бір ай бойы жалғасады.
Егер сіз тазалығы нашар көшелер немесе аулаларды, көлік құралдарының шамадан тыс түтін шығарып, ауаны ластау фактілерін байқаған болсаңыз, Шымкент қаласы әкімдігінің +7-777-885-85-13 WhatsApp қызметіне немесе contactshym.com@mail.ru электронды поштасына фото немесе видео дәлел ретінде хабарлама жіберулеріңізді өтінеміз.
Ендеше, қаламыздың шын жанашыры ретінде қала тазалығы үшін бірлесіп жұмыс істейік!
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі