Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 21 қазан күні Астанаға Алматыдан арнайы келген сарапшылармен кездесе алмағаны үшін ресми түрде кешірім сұрап, парақшасында жазба қалдырды.
Министрдің қабылдау бөлмесінде кездесуді күтіп отырған сарапшылар. фото: Facebook
Кездесудің болмай қалғаны туралы шақырылған мамандардың бірі Ғалым Құсайынов өз Facebook парақшасында жазып, ренішін білдірген.
«Менің өмірімде түрлі жайттар болды, алайда бүгінгі басымнан өткергенімді қалай атаудың өзін білмеймін. Бір апта бұрын Ұлттық экономика министрімен кездесуге баспасөз қызметі шақырту жіберді. Министрліктің өзі шақыртты. 2025 стратегиясын талқылау үшін тәуелсіз сарапшыларды шақырған», — деп сөзін бастады Ғалым.
Сарапшы кездесуді бірнеше рет кейінге қалтырғанын есіне алды.
«Кездесуге осымен үшінші рет шақыртып отыр, оған дейін екі ретінде тура кездесу күні бәрін кейінге қалтырып отырды. Сол үшін екі рет кездесудің нақты өту-өтпеуін сұрадым. Маған 100 пайыз кепіл берді. Тіпті таңертең хабарласып, ұшып келгенімді білді… Біз белгіленген уақытқа келдік. Алайда бәрі ойдағыдай болмады. Біз күтумен отырдық. Содан кейін баспасөз хатшысы шықты да министрдің қолы бос емес деп кешірім сұрап, шығарып салды», — деп жалғастырды ол.
Құсайынов этикеттің болуы керектігін алға тартты.
«Мен кедуеме нан піскен адам емеспін, дегенмен іскери этикет, адамды сыйлау деген болуы керек. Тіпті бәрі этикетке емес, сыйластыққа сайып келеді. Егер расымен сарапшылар қажет болса, бес минут болса да уақыт табылар еді. Өз ақшама мұндай кездесулерге ендігі баруға мүлдем құлқым жоқ», — деп жазды Құсайынов.
Көп ұзамай Қуандық Бишімбаев кездесудің болмай қалу себебін түсіндіріп, кешірім сұрады.
«Достар ФБ-ның бары керемет болды, кездесудің болмай қалуының арқасында Rakhim Oshakbayev, Ғалым Құсайынов (Galim Khussainov), Жарас Ахметов, Darmen Sadvakasov, Марат Төлібаев (Marat Tolibayev), бәріміз әлдеқайда танымал бола түстік. Мемлекеттік қызметтен сәл болса да хабары барлар мұндай ыңғайсыз жағдайлар еріктен тыс болып тұратынын түсінеді. Күтпеген жерден екі кеңес қатар түсіп қалды, сарапшылармен кездесу оның қасында айтарлықтай маңызды болмады. Бұл кездесудің уақытында өтпегені үшін кешірім сұраймын. Құжатты қабылдауға дейін әлі уақыт бар. Біз міндетті түрде сіздерге ыңғайлы уақытта тағы бір жолығып, құжатты талқылайтын боламыз», — деп жазды министр Facebook парақшасында.
Дереккөз: Nur.kz