Оңтүстік Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі мына бос лауазым орындарына конкурс жариялайды:
-2-полиция батальонның полицейі (Ордабасы, Бәйдібек ауданы, Кентау қаласы)-30 орын;
-3 полиция батальонның полицейі (Шардара ауданы)- 5 орын;
— 1 полиция батальонның полицейі (Шымкент қаласы)- 5 орын;
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлерге төмендегі талаптар қойылады:
- Жас ерекшелігі 25 жастан аспаған және бойы 170 см.-ден кем болмауы тиіс.
- Қарулы күштер қатарында қызмет атқарған.
- Білім орта немесе жоғары.
- Мүмкіндігінше спорттық санаты болуы тиіс.
Түйіндемені Оңтүстік Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі мына мекен-жайға жіберуге болады. Шымкент қаласы, Диваев көшесі №3 үй, бір терезе кабинеті.
Телефоны: 8 (725) 55-05-32
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
а) арыз (белгіленген нысанда);
б) анкета (белгіленген нысанда);
в) кадр есебіне алу үшін толтырылған жеке іс-парағы;
г) өмірбаяны;
д) білімі туралы іс-құжаттарының көрмесі;
е) еңбек кітапшасының көшірмесі (нотариалды расталған немесе кадр аппараты қызметкерімен расталған);
ж) белгіленген нысандағы денсаулық туралы анықтама (ф.86);
з) әскери билеті немесе әскер алдындағы тіркеу куәлігі;
и) соңғы жұмыс орнынан қызметтік мінездеме немесе түйіндеме;
к) бір дана фото-сурет 3х4;
л) Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлігінің көшірмесі,
м) алынған кірістері мен мүліктері туралы тұрғылықты мекен-жайындағы салық басқармасынан өзіне және жұбайына (зайыбына) берілген анықтама.
Көрсетілген құжаттар толық болмаған жағдайда кандидатты конкурсқа қатыстырмауға негіз болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан газеті
20.10. 2016ж
сурет Hh.kz сайтынан алынды.