Қазақстан үкіметі БАӘ мен Катарлық 4 шейхқа жек-дуадақтарға ителгілерімен саятшылық жасауға рұқсат етілді. Бұл туралы ҚР үкіметінің 2016 жылғы 11 қазандағы №580-ші сәйкес қаулысы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық «Әділет» жүйесінде жарияланды.
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 2016 жылғы 10 қазан – 15 қараша кезеңінде өз ителгілерімен жек дуадақтарға саятшылық жүргізуге:
1) шейх Халифа Бин Заед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Оңтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар Арыс және Қарақтау мемлекеттік қорық аймақтары аумағында 35 (отыз бес) дарақ жек дуадақ және Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағы аумағында 49 (қырық тоғыз) дарақ жек дуадақ;
2) шейх Сурур Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 21 (жиырма бір) дарақ жек дуадақ;
3) шейх Сеиф Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 20 (жиырма) дарақ жек дуадақ;
4) шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Әл Тани (Катар) Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалы аумағында 12 (он екі) дарақ жек дуадақ және Алматы және Жамбыл облыстарындағы республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағында 37 (отыз жеті) дарақ жек дуадақ аулауға рұқсат берілсін, делінген ҚР үкіметінің арнайы қаулысында.
Жек дуадақты аулау ақысының мөлшерлемесі 260 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленетін болды.
«Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыруда қажетті жәрдем көрсетсін», — делінген ҚР үкіметінің қаулысында.
Ақпарат көзі: ҚазТаг.