Қазақстан мен Қырғызстан тіркеусіз екі елде болу мерзімін 30 күнге дейін ұзарту туралы келісті, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев.
«Біз азаматтарымыздың екі елде тіркеусіз болуын реттейтін құжатқа қол қойдық. Бұл екі ел азаматтарының екі ел аумағында болу тәртібі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттама. Осыған сәйкес екі ел азматтары 30 күнге дейін тіркеусіз екі елдің аумағында бола алады», — деді Э.Абдылдаев дүйсенбіде Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездесуінде.
«Әрине, бұл құжат мемлекет ішіндегі бекіту рәсімдерін талап етеді. Біз екі елдің азаматтары күтіп жүрген осы құжат бекіту кезінде Парламентте кідіріп қалмайды деген сенімдеміз», — деді ол.
Еске салсақ, бүгінгі таңда Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары көрші ел аумағында тіркеусіз 5 күнге дейін бола алады.
Сонымен қатар, екі ел Реадмиссия туралы келісім және 2017-2018 жылдардағы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.