Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен қатар келген Қазыналы қарт Қаратаудың қойнауында орналасқан, тәж қала Кентауға 61 жыл. Кентаулықтар айтулы мерекені ерекше атап өтті. Қаладағы Ынтымақ алаңында өткізіліген салтанатты жиын қала жастарының патриоттық әнімен бастау алды. Алғашқы құттықтау сөзді алған қала әкімі Ә.Мақұлбаев қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, қаланың «Құрметті азаматы», «Қала жанашыры» секілді марапаттарды табыстады.
Сонымен қатар «Қала күніне» орай өткізілген гүлдер, сурет салу, мақала жазу, теле байқаулардан орын алған жеңімпаздарды марапаттап, құрмет көрсетті. Сонымен қатар, қаланың өнерлі жастары Кентау жайында ән шырқап, мың бұралған бишілер қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады.
Кентау жұртышылығы «Қала күнін» ерекше атап өтті. Тек әз-Наурыз мерекесінде ғана қойылатын қар үйлер бүгінгі мерекеде орын алып, мерекелік дастархан жайылып, ыстық тағамдар таратылды. Осылайша мерекені кентаулықтар думандатып тойлады.
Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметі