Құрметті қала тұрғындары!
Өзіңіз білетіндей, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты арқылы сіз жаңа форматта әкімдік қызметкерлерімен интерактивті пікір алмасып, Интернет-конференция аясында жолдаған көкейтесті сауалдарыңызға лайықты жауап ала аласыз.
Ағымдағы аптада сіздің сауалдарыңызға Шымкент қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сайлауов Қасымбек Пернебекұлыжауап береді.
Сауалдарыңызды сайттың «Ашық әкімдік» — «Онлайн-конференция» арнайы тармақшасына орналастырыңыз (қазан айының 14 жұлдызында сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін қабылданады). Сауалдарыңызға орай жауаптар сайттың осы тармақшасында жұма, яғни, қазан айының 14 жұлдызында сағат 18.00-де беріледі.