Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы Министрі А.И. Мырзахметовтың облыс әкімдіктерімен өңірлердің агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың проблемалық мәселелері бойынша өткізген кеңес қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.
Айталық, ағымдағы жылдың 31 тамызынан бастап 21 қыркүйекке дейін Ауыл шаруашылығы министрімен іс жүзінде барлық облыс әкімдіктердің кеңестер өткізілді, 150-ден астам проблемалық мәселелер қарастырылды, оның 80-нен астамы бойынша нақты шешімдер қабылданды және бұл мәселелер кеңес отырысы барысында шешілді, қосымша пысықтауды талап ететін жүйелі сипаттатағы мәселелер бойынша, олар шамамен 70, Министрмен сәйкесінше тапсырмалар беріліп, хаттамаларға енгізілді және Министрліктің сәйкес ведомстволары мен құрылымдық бөлімшелеріне орындалу үшін жолданды. Бұл тапсырмалардың барлығы Министрдің ерекше бақылауында.
Осылайша, мәселелердің көбісі, атап айтқанда шамамен 45-і ветеринариялық қауіпсіздік саласындағы мәселелерді қозғайтын, бұл ЖАО мемлекеттік ветеринариялық құрылымдардың құқықтарын анықтау, құлақ биркалары мен ветеринариялық препараттардың жетіспеушілігі, ауру жануарларды алып тастау және көзін жою сомасының орнын толтыруға қосымша қаржыны талап ету және тағы басқа бойынша мәселелер. Осы және басқа да мәселелерді шешу үшін ветеринария саласында облыс әкімдіктері мен Министрліктің сәйкес бөлімшелеріне тапсырмалар берілді, және олар ерекше бақылауға қойылды.
30-дан астам сұрақ мал шаруашылығы саласын, инвестициялық субсидиялауды және де басқада бірқатар бағыттарды қосымша қаржыландыру қажеттілігіне, сонымен қатар АӨК субсидияландыру механизмін жетілдіруге байланысты болды.
Олардың біразы кеңес кезінде шешілді және алынып тасталды.
Сонымен жекелеп айтқанда, әкімдіктерге 2016-2017 жылдарда экономикалық өсімді ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шеңберінде, асыл тұқымды мал шаруашылығы дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға қосымша қажеттілік бойынша 2016 жылы соммасы 30,2 млрд.теңге болатын бюджеттік өтінім беріліп, ол толық көлемде мақұлданды, сонымен қатар, инвестициялық салым кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидяилау бойынша бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен қосымша шамамен 12,7 млрд. теңге бөлінетін туралы жеткізілді. Бүгінгі күні 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң қабылданды, жақын күндері аталған бюджеттік қаражаттар аймақтарға жеткізілетін болады.
10 сұраққа жуық «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ құзыретіне кірген, соның ішінде АӨК субъектілері үшін кредит бойынша аса көтерілген сыйақы мөлшерлемелері, кредиттеуге берген өтінімдерді ұзақ қарау бойынша, кредит беруге көп құжат тізімі туралы. Осылардың барлығы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер – Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басшыларына тиісті тапсырмалар берді, олар сондай-ақ хаттамаларға енгізілді және қазіргі уақытта Министрдің айрықша бақылауында.
Бұдан басқа батыс аймақтармен өткен селекторлық кеңестерде балық шаруашылықтарын дамыту проблемалық мәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ, кеңестің қатысушыларымен жер қатынастары, орман шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, асыл тұқымды мал шаруашылығы және т.б., жалпы сипаттағы трансферттердің бағдарламалары бойынша, өңірлерді мамандандыру Схемасын пысықтау бойынша, қой шаруашылығы мен ешкі шаруашылығын дамыту бойынша, сүт пен жүн қабылдау пункттерінің жетіспеуі бойынша және басқа да көптеген сұрақтар бойынша бюджеттік қаражатты қолдану саласында заңнамасын жетілдіру сұрақтары қаралды.
Түйіндей отырып, жаңа форматтағы кеңестер енді тұрақты негізде Министрлікте өтетін болатындығын қосқым келеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Премьер – Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов облыс өкілдерімен берілген кездесулері мәселелерді айтуға ғана емес, сондай-ақ бастысы шешімдер іздеуге бағытталған. Оның үстіне, бұл Министрлік пен жергілікті атқару органдары арасындағы тиімді ынтымақтастықты құруға түрткі болады.
Мәселелі сұрақтарды талқылау бойынша өңірлермен осыған ұқсас кеңестерге оң бағаны сондай-ақ облыстар әкімдігінің өкілдері берді.
ҚР АШМ Баспасөз қызметі