Қазақстанда 11 мыңнан астам өлшеу құралдары пайдалануға жарамсыз, деп хабарлады ҚР үкіметінің ресми сайты, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетіне сілтемелеп.
Үкіметтің ресми сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, денсаулық сақтау және өнеркәсіп нысандарына жүргізген тексеріс жұмыстарының қорытындысы бойынша ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті заң бұзушылықтарды анықтап, 101,4 млн-нан астам теңге шамасында әкімшілік жаза қолданды.
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Шынар Қазыбаеваның айтуынша, комитет жыл басынан бері мұнай-газ саласы, білім беру, сауда, жылу, су және электрмен қамтамасыз ету, әуе және теміржол көлігі, ЖЖМ нысандарында 915 тексеру жүргізген.
«Тексеріс нәтижелері бойынша 11 мыңнан астам қолдануға жарамсыз өлшем құралдарын пайдалануға тыйым салынды. Сонымен бірге, тауардың орамасындағы санын көрсететін шаманың сәйкессіздігі анықталғаннан кейін аумақтық департаменттер шаралар қабылдады. Атап айтар болсақ, шамамен 10 млн теңге сомасында өлшеп оралған тауарлардың 92 топтамасын өткізуге тыйым салынды», — деді Шынар Қазыбаева.
Ведомствоның деректері бойынша, азаматтардың шағымдары мен құқық қорғау органдарының өтініштері бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілген 146 жоспардан тыс тексерудің ішінен 93 жағдай (64%) өтініштерде көрсетілген фактілер бойынша расталды.
Айта кету керек, комитет алғаш рет бизнес субъектілеріне өз беттерімен сапасыз өнім тұтынушыларынан қауіпті өнімдерді қолданыстан алып тастау және пікір беруіне тәртіп енгізген. Сонымен қатар, «CT-KZ» формасындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі, соның ішінде кәсіпкерлер палатасына сертификатты беру кезінде өнім шығаратын өндіріс орнына бару құқығының шарттары реттелген.