Оңтүстік Қазақстан облысында жергілікті атқарушылық органдарда жеті саяси мемлекеттік қызметшілер, «А» корпусына жататын 17 аудан, қала әкімдері лауазымы және «Б» корпусына жататын 23 басқарма басшы лауазымдары бар. Б.Атамқұлов 7 саяси мемлекеттік қызметшілердің 5-ін жаңадан тағайындаса, «А» корпусы — 17 аудан және қала әкімдерінің 12-ін босатып, тағайындады. Сонымен қатар, «Б» корпусының басшы қызметшілері — облыстық 23 басқарма басшыларының 14 -ін босатып тағайындаған. Яғни, жергілікті атқарушы органдардың 37 басшылық лауазымдағы қызметшілердің 31-ін босатып тағайындады. Облыста бір жыл екі айдың ішінде басшы лауазымдарының 84 пайызы жаңадан тағайындалған.
Кадрларды ауыстыру, тағайындау саяси міндеттердің бірі. Өз кезегінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде сөйлеген сөзінде «… маңызды міндеті — мемлекеттік қызметшілер корпусын кәсіби және автономды ету. Сайлаулар, министрлердің, әкімдердің және өзге де басшылардың ауысуы әкімшілік мемлекеттік қызметке әсер етпеуі тиіс…» деп облыс әкімдерінің алдына маңызды міндет қойған болатын.
Осыған байланысты нақты деректер «Айғақ» республикалық газетінің №41 санында (12.10.2016 ж.) жарияланған.