Отандық өнім, «БАЛ ТЕКСТИЛЬ» кілемдері Швейцарияның Женева қаласында өткен халықаралық конвенцияда үздік сапа номинациясы бойынша АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ иеленді.
Соңғы 30 жылда Хосе Э.Приетоның жетекшілігіндегі «Business Initiative Directions» компаниясы дүниежүзіндегі 179 елде әр саладағы көшбасшыларды анықтап, сапа үздіктерін марапаттап келеді. Бүгінде бұл компанияның үздік деп таныған өндірістерін 179 мемлекет мойындап, құрмет білдіреді.
ISAQ жүлдесі – сапа мен инновациядағы жетістіктерге қол жеткізген компаниялар мен ұйымдарға табысталады. Сапаны бақылау жүйесіндегі талаптарға сай болу үшін компанияларда тұтынушыға қызмет көрсетуді, өндіріс үдерісін, жұмысты ұйымдастырып, басқару тәжірибесін ұдайы жетілдіруге деген талпыныс болуы шарт. Осы орайда әлемдік бренд — «Apple»-дің негізін қалаған Стив Джобс «Инновация – көшбасшыны ілесушіден айыратын дүние» деп айтқан екен. Демек, жаңалыққа ұмтылыс та – көшбасшыға тән қасиет.
International Star Award for Quality сыйлығын иелену үшін «Бал Текстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі: көшбасшылық пен ұйымдастырушылық; сапа мен өнімділік; компанияның беделі мен нарықта тауар сатуға қолайлы орта қалыптастыруы; технология, инновация және өсім сатылары бойынша бағалаудан өтіп, үздік деп танылды.
«Бал Текстиль» кілем фабрикасының әзірге Қазақстанда теңдесі жоқ. Өз жұмысын 2013 жылы индустрияландыру картасы аясында бастаған бұл өндіріс орны тек кілем тоқумен ғана емес, «BCF», «Heat-Set», «Frize» маркалы полипропилен жіптерін иірумен де айналысуда.
Қажетті шикізат Түркия, Бангладеш, Үндістан және басқа да елдерден тікелей жеткізіледі. Кілемдер Бельгиялық жоғары технологиялық «Michel Van De Wiele» қондырғыларда тоқылады. Ал, синтетикалық полипропилен жіптері Германия мен Франция елдерінен жеткізілген, «Oerlikon Neumag», «Allma Volkmann», «SUPERBA» фирмаларының заманауи құрылғыларында иіріледі.
«Бал Текстильдің» кілем және кілем өнімдерін шығару қуаттылығы – жылына 5 млн. шаршы метрден астам. Ал, полипропилен жібін иіру қуаттылығы – жылына 4000 тоннаны құрайды. Бүгінде мұнда 245 адам жұмыспен қамтылған.
«Бал Текстиль» өнімдерін Қазақстанның барлық қалаларында кездестіруге болады. Еліміздегі ресми таратушылардың қатары 400 ден асқаны – осының дәлелі. Сонымен қатар, тұрақты түрде тапсырыс беріп, өнімдерімізді алушы 20-дан астам шетелдік серіктестеріміз бар.
2016 жылы «Бал Текстиль» шведтік ИКЕА мен ЕЭС-тің өзге де компанияларымен келісімге келудің нәтижесінде экспорт көлемін 20-30 пайызға ұлғайтты. Енді «Қазақстанда жасалған» деген белгісі бар кілемдерді Англия, Германия және Ресейдің ірі сауда маркеттерінен кездестіре аласыздар.