Биылғы жылы Созақ ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің тарапынан қолға алынған ауыл шаруашылығы малдары етін экспортқа шығару жөніндегі жұмыстар оң нәтижесін беріп отыр. Үстіміздегі жылдың тамыз айы мен қазан айының бірінші онкүндігі аралығында «Қара Құр» өндірістік кооперативінде өсірілген 2688 бас еркек қаракөл тоқтылары Біріккен Араб Эмираттарына экспортқа шығару үшін сатылды.
Біріккен Араб Эмираттарына экспортқа майда мал мен қой, сиыр, түйе етін шығарумен ісімен айналысатын «Дисада» ЖШС-нің директоры Сүлейманов Санат: «Біз Созақ ауданы «Қара-Құр» өндірістік коперативінен 2 партия барлығы 2688 бас майда мал төлдерін экспортқа шығарып отырмыз. Алдағы кезеңде араб мемлекеттеріне экспортқа аудан агроқұрылымдарынан майда мал мен қой, сиыр, түйе етін шығару ісін жүйелі түрде жалғастыратын боламыз. Біздің Біріккен Араб Эмираттарына 50 мың бас майда мал төлін сату жөнінде келісім шартымыз бар. Экспортқа біз қазір тірідей мал төлдерін шығарып отырмыз. Келешекте Созақ ауданы Таукент кентінде орналасқан «Таукент мал сою цехын» күрделі жөндеуден өткізіп іске қосу жоспарымызда бар. Мал сою цехын іске қоссақ мұздатылған ауыл шаруашылығы малдары етін де экспортқа шығара аламыз.»- дейді.
Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.