Үкімет отырысы барысында ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жұмыс берушілерге Еңбек кодексін қатаң сақтаудың қажеттігін, «ата-аналарға балаларын тәрбиелеуге жағдай жасап, оларды уақытылы сағат алтыдан кейін үйлеріне жіберудің» қажеттігін айтты. Бұл туралы ақпарат ҚР Премьер — Министрдің сайтында жарияланды.
Е. Сағадиев көптеген ата-аналардың өздерінің жұмыстарының кесірінен балаларына қажетті тәрбиені бере алмайтындығын айтып өтті.
«Балаларды тәрбиелеуге деген ата-ананың рөлі мен жауапкершілігі төмендейді. Себебі, ата-аналар үнемі жұмыста болады да, балаларын тәрбиелеуге мүлдем уақыттары қалмайды. Олардың ішінде көптеген мемлекеттік қызметкерлер де бар. Біз жұмыс берушілер ата-аналарды уақытылы сағат алтыдан кейін үйлеріне жіберіп тұруы керек деп есептейміз. Мұндай практика өте қажет», — деді Е. Сағадиев.
Министр жұмыс берушілердің Еңбек кодексіндегі ережелерді дұрыс сақтау керектігіне ерекше назар аударды, себебі, ата-аналардың жұмыста кідіруінің балаларға келіп тиетін үлкен әлеуметтік құны бар екендігін айтты.
«Ата-аналардың жұмыста кідіруінің балаларға келіп тиетін үлкен әлеуметтік құны бар. Бала тәрбиесі мен бүгін талқыға салынып отырған мәселелерді шешудегі ата-ана – біздің бүгінгі таңда өте төмен деңгейдегі ең салмақты әрі тиімді ресурсымыз. Біз Еңбек кодексін бұрынғыдан да қатаңырақ ұстануды бастау керек деп есептейміз. Бұндай жағдайда ата-аналар үйлеріндегі балаларына ертерек келіп, оларды тәрбиелеу үдерісіне белсенді араласа бастайды. Және де бақылауды мемлекеттік органдардан бастаған жөн. Балалардың бақылаусыз уақыт өткізуі түрлі бейәлеуметтік әрекеттерге әкелетіні барлықтарыңызға мәлім», — деді Е. Сағадиев.
ҚР БҒМ мәліметі бойынша, бүгінгі таңда ата-ана жиналысына ата-аналардың жалпы санының тек 10-12% ғана қатысады.
«Қазіргі кезде ата-ана жиналысына ата-аналардың жалпы санының тек 10-12% ғана қатысады. Біздің есеп бойынша, 11 жылда ата-аналардың 50% мектептерге келмеген», — деді Е. Сағадиев.