Бүгін Шымкентте өтіп жатқан «Ontustik Tourism-2016» туристік форумының аясында өңір басшысы Б.Атамқұлов Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі П.Х.Санс Серраномен кездесті.
Кездесуде тараптар алдағы екіжақты ынтымақтастық жайын талқылап, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамытудағы ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ, қос мемлекет арасындағы аграрлы салаларда тәжірибе алмасу жайы қаралды.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі