«Мұғалімдер күні» мерекесіне орай қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында өз саласында еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздарды марапаттады.
«Rіхоs Kһadisһa» қонақ үйіндегі салтанатты жиынға облыстық білім басқармасының, «Нұр Отан» партиасы және қалалық мәслихат басшылары, ардагер ұстаздар, қаладағы 129 жалпы орта білім беру, 88 мектепке дейінгі және 8 қосымша білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.Мерекелік шарада «Мәңгілік елдің мәңгі ұрпақтарын» тәрбиелеуде, сапалы білім беруде адалдық танытып, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған 6 мұғалім Шымкент қаласының әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды.
Сондай-ақ, білім бөлімінің бірқатар қызметкерлері, қаланың білім беру мекемелерінің бірінші басшылары мен мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері салтанатты түрде алғыс хаттар алды.
Айта кетерлігі, қазіргі таңда, Шымкент қаласындағы барлық педагогтар саны – 16278 , оның ішінде жоғары санатты — 4290, І санатты — 3886, ІІ санатты мұғалімдер -4555, санатсыз мұғалімдер саны – 3547 болып отыр.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі