Қазақстан әділет министрлігінде (ӘМ) авторлық құқықтық бқзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшерін бірнеше рет көтеру ұсынылады, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
Ведомство сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, ағымдағы жылғы 30 қыркүйекте Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді.
Қоғамдық тыңдаудың жұмысына Әділет министрінің орынбасары Э.Әзімова, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Зияткерлік меншік институтының, ғылыми мекемелердің, авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарының, өкілдері, патенттік сенім білдірілген өкілдер және бизнес өкілдері қатысты.
Қоғамдық тыңдаудың негізгі мақсаты — азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін қызықтыратын Заң жобасын түсіндіру және талқылау.
Заң жобасының міндеті — Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының зияткерлік меншікті қорғау саласындағы стандарттарына жүйелі түрде өту.
Заң жобасының негізгі жаңалықтары:
— зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тіркеу бойынша өкілеттіктерді сараптама ұйымына («Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК) беру арқылы зияткерлік меншік объектілерін тіркеудің бір деңгейлі жүйесін құру;
— тіркеуге қатысты дауларды сотқа дейінгі қарау мүмкіндігін кеңейту;
— құқық иелерінің тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақы алу құқығын қамтамасыз ету;
— тауар таңбаларына өтінімдерді сараптама ұйымына түскен сәттен бастап жариялау;
— шарттарды тіркеу тәртібін жеңілдету.
Заң жобасының және Тұжырымдаманың мәтіндері 2016 жылғы 14 , 17, 20 қыркүйектегі № 101, 102, 103 «Юридическая газета», «Заң газеті» басылымдарында, Әділет министрлігінің www.adilet.gov.kz және Зиятркелік меншік құқығы институтыныңwww.kazpatent.kz(link is external) ресми сайттарында орналасқан.