Қала күні мерекесі қарсаңында «Шырайлы Шымкент» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды. Қалалық балалар мен жасөспірімдер сарайында өткен марапаттау рәсіміне қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.
Байқауды Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырысымен «Жаңа дәуір» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Журналистер мен блогерлер арасындағы байқау жеңімпаздары «Үздік баспасөз жарияланымы», «Үздік теле-радиобағдарламасы», «Үздік Интернет-БАҚ жарияланымы» және «Әлеуметтік желілер мен блог-посттардағы үздік жазба» номинациялары бойынша марапатталды.Байқаудың қорытындысына сай, «Айғақ» телеарнасы «Үздік теле-радиобағдарламасы» номинациясы бойынша ІІ-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Іс-шара жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтарға ие болды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі