Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай бүгін Ордабасы ауданында жас келіндер арасында «Қазақтың үлгілі келіні» сайысы өтті. Ұлттық салт-дәстүрлерді, құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шараға ауыл округтерден 10 үміткер қатысып, бақ сынады. «Қазақ келіні қандай?», «Ойлы болсаң озып көр!», «Өнерлі келін-сүйкімді!», «Саусағынан бал тамған-келіншек!» бөлімдері бойынша өнерін ортаға салған ақжаулықтылар табақ тарту әдебін түсіндірді, салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға да жауап беріп, білімділігін көрсетті.
Сайыстың нәтижесінде қазылардың ұйғарымымен шұбарсулық Р.Ерлібекова -бас жүлдені, шұбарлық А.Көшерова — І, төрткүлдік М.Медеубекова — ІІ, бөржарлық Ә.Пайызова ІІІ орынды иеленіп, аудан әкімінің алғыс хатымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.Аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы М.Зәйтүнқызы, аудандық Жастар орталығының директоры М.Сайлыбаев барлық қатысушыға алғыс білдіріп, байқауды қорытындылады.
ДИАБЕТТІК ТАБАН СИНДРОМЫНА ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСТАРҒА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Медицина орнында тұрған жоқ. Күннен күнге қарыштап дамуда. Біздің елімізде де көштен қалмай бұл салада көп жетістіктерге қол жеткізуде. Мемлекеттің...