Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Күн тәртібінде халық қалаулылары еліміздегі үшінші қаланың өсіп-өркендеуінде, қарыштап дамуында сүбелі еңбек сіңірген 10 азаматқа Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсынысты бірауыздан мақұлдады. Осылайша, шаһардың сыйлы азаматы атанған жандар туралы айта өтсек.
Олар, «Ұстаз нұры-информ» газетінің бас редакторы, ОҚО ата-аналар кеңесінің төрағасы — Әнуарбек Бейсе, ОҚО мәслихатының депутаты — Қайрат Балабиев, ОҚО мәслихатының депутаты, облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері — Мұхан Егізбаев, Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы — Әлібек Өмірәлиев, Төлеби, Мақтарал аудандарының «Құрметті азаматы» — Ошақбай Көлбаев және де басқа да азаматтар бар.