Қалалық балалар мен жасөспірімдер сарайында көптен күткен «Таза қала» байқауының салтанатты марапаттау шарасы өтті. Шараны қала әкімдігі ОҚО Азаматтық Альянсымен бірлесе отырып ұйымдастырған болатын.
Биылғы байқауға барлығы 320 нысан, яғни, 206 аула және 117 көше қатысуға өтініш берген. Нәтижесінде, «Үздік аула» аталымы бойынша: Абай ауданы 8 шағынауданының №6 үйінің ауласы, Әл-Фараби ауданындағы Рашидов көшесінің №22а үйінің ауласы, Еңбекші ауданындағы №231 үйінің ауласы және Қаратау ауданындағы «Нұрсәт» шағынауданының №142 үйінің ауласы жеңімпаз деп танылды.
«Үздік көше» аталымы бойынша Абай ауданы аумағынан – «Жайлау» шағынауданының Қажымұқан көшесі, Әл-Фараби ауданы аумағынан «Забадам» шағынауданының Сералиев көшесі, Еңбекші ауданы аумағынан Түркістан көшесі үздік шықты.Аталым жеңімпаздарын қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай және «Азаматтық Альянс» қоғамдық қорының жетекшісі Шәріпбек Жамалбек арнайы марапаттады. Барлық жеңімпаздарға диплом мен бағалы сый-сияпаттар табыс етілді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі