Бақытжан Сағынтаев ҚР премьер-министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бақытжан Сағынтаев әр жылдары өңірлік даму министрі, экономикалық даму және сауда министрі қызметтерінде болған. Павлодар облысының әкімі қызметін атқарды. 2014 жылдың 7 сәуірінен бастап ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған.