Президент Н.Назарбаев кеңейтілген Үкімет отырысынан соң бірақтар облыстардың басшыларын қабылдады. Кездесу барысында, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды. Оның ішінде ауылшаруашылық саласы мен халықтың жұмыспен қамтылуы сөз болды.
Нұрсұлтан Назарбаев облыстың инвестициялық тартымдылығын дамытып, шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетуді әрі қарай жалғастыруды тапсырды.
Кездесу қорытындысымен Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.