Холдингтің Жалғыз акционерінің шешімімен – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы бұйрығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Мырзахметов Асқар Исабекұлы, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айтуғанов Қайрат Қапарұлы, ҚР Ұлттық экономика министрі Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы, ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері болып сайланды.
Аталған бұйрықпен Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлының және Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлының «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
2016 жылғы 7 қыркүйекте ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің ашық отырысы өткізілді, онда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Мырзахметов Асқар Исабекұлын «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылданды.
Сонымен бірге, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында ағымдағы қызметтің мәселелері қарастырылды.
ҚР АШМ Баспасөз қызметі