Тәжікстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, Душанбеде жүрген оңтүстікқазақстандық делегаттар бүгін маңызды жиынның бастамашысы болды. Тәжікстан астанасында Оңтүстік Қазақстан облысының өнер шеберлерінің салтанатты концерті қойылып, қос мемлекет достастығының бауырмалдығы одан әрі арта түсті. Шымкент қаласының әкімдігі атынан Душанбе тұрғындарына тарту етілген ақшаңқан киіз үй орталық алаңға қойылып, ұлттық құндылығымыздың өнегесін танытты.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПАН ГИ МУНМЕН КЕЗДЕСТІ
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы, Боао Азия форумының төрағасы, Жаһандық жасыл даму институты (GGGI) Ассамблеясының Президенті Пан Ги Мунмен...